×
469.83
536.83
5.97
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
469.83
536.83
5.97

Ақтауда газ құю бекеттерінде тағы да ұзын-сонар кезек пайда болды

19.07.2026, 16:03
Ақтауда газ құю бекеттерінде тағы да ұзын-сонар кезек пайда болды
Ulysmedia.kz коллажы

Ақтау тұрғындары екінші күн қатарынан автогаз құю бекеттерінде ұзын-сонар кезекке тап болып жатқанын айтып шағымданды. Жүргізушілердің сөзінше, 18–19 шілде күндері қалада газ табу қиындаған. Кейбір бекеттерде кезек бірнеше сағатқа созылады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Мән-жайы

Lada.kz басылымына мәліметінше, жүргізушілер қаладағы кейбір газ құю бекеттері жабық тұрғанын айтты. Ал газ сатылып жатқан бекеттерде көлік кезегі көбейген. Кей жерлерде газ тек талонмен беріледі.

Тұрғындар бұл мәселенің бірнеше айдан бері жалғасып келе жатқанын айтады. Жүргізушілер газ іздеп, бірнеше бекетті аралауға мәжбүр. Кейде олар бекетке жеткенше газ таусылып, бос қайтады.

Әкімдік не дейді?

Ақтау әкімдігі сұйытылған газдың жеткізілуін күн сайын бақылап отырғанын хабарлады.

Әкімдік мәліметінше, 19 шілдеде түскі уақытта қалада 32 автогаз құю бекеті жұмыс істеген. Газдың бағасы барлық бекетте бірдей - литрі 72 теңге.

Қала сыртындағы бекеттерде кезек айтарлықтай көп емес. Онда орта есеппен 3-тен 17-ге дейін көлік кезекте тұр. Кейбір бекеттерде кезек мүлде болмаған.

Мәліметтер бір-біріне неге сай келмейді?

Әкімдік өкілдері бекеттердегі жағдай күн ішінде өзгеріп отыратынын түсіндірді. Олардың айтуынша, кезектің көбеюіне қызметкерлердің түскі үзілісі мен операторлардың жетіспеуі де әсер етеді. Соның салдарынан көліктерге қызмет көрсету баяулайды.

Шенеуніктер жағдайдың бақылауда екенін айтып, тұрғындарды ресми мәліметке сүйенуге шақырды.

Энергетика министрлігі не дейді?

Бұған дейін Энергетика министрлігі Қазақстанда, соның ішінде Маңғыстау облысында сұйытылған газ тапшылығы жоқ деп мәлімдеген.

Министрлік жекелеген бекеттердегі кезекті газды тасымалдау мен жеткізуге байланысты уақытша қиындықтармен түсіндірді. Ведомство өкілдерінің айтуынша, өңірге газ жеткізу жұмыстары кестеге сай жүргізіліп жатыр.