×
469.59
536.22
5.96
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
469.59
536.22
5.96

Зеленский Украина қарулы күштерінің жаңа бас қолбасшысын тағайындады

Бүгін, 10:08
Зеленский Украина қарулы күштерінің жаңа бас қолбасшысын тағайындады
Михаил Драпатый Фото: (t.me/V_Zelenskiy_official)

Президент Владимир Зеленский Украина Қарулы күштерінің бас қолбасшысы қызметіне Михаил Драпатыйды тағайындайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.

Толығырақ

Украина президенті Владимир Зеленский қарулы күштердің (ҚК) жаңа бас қолбасшысы болып генерал-майор Михаил Драпатый тағайындалатынын мәлімдеді. Ол бұған дейін қарулы күштерінің біріккен күштерін басқарған.

– Барлығымыздың мақсатымыз бір – жауды жеңу, сондай-ақ Ресейге қысымды күшейту арқылы оны бейбіт келіссөздерге мәжбүрлейтін жағдай қалыптастыру. Ертең барлық тиісті шешімдерді рәсімдейміз», – деді Зеленский 21 шілде күні Telegram желісінде жарияланған бейнеүндеуінде.

Сондай-ақ Зеленский бұрынғы бас қолбасшы Александр Сырскийге атқарған қызметі үшін алғыс айтты.

Михаил Драпатый – 43 жаста. 2016 жылы «Украинаның Халық қаһарманы» орденімен марапатталған. Әскери қызметін 72-ші жеке механикаландырылған бригадада взвод командирі ретінде бастаған.

Михаил Драпатыйды бас қолбасшы етіп тағайындау мәселесі жаппай наразылық кезінде айтылған. Қорғаныс министрі Михаил Федоровтың қызметтен кетуінен кейін басталған наразылық акцияларының кейбір қатысушылары президент Зеленскийге осындай талап қойған.

Екі күн бұрын Владимир Зеленский жоғары лауазымды әскер басшыларымен кездескен. Кездесуге Михаил Драпатыйдан бөлек, Украина Қарулы күштері бас штабы бастығының орынбасары Владимир Горбатюк және 3-армиялық корпустың командирі Андрей Билецкий қатысқан.

Бұқаралық ақпарат құралдарының мәліметінше, бұл кездесулер Александр Сырскийдің ықтимал мұрагерлерін бағалау мақсатында ұйымдастырылған.