×
469.59
536.22
5.96
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
469.59
536.22
5.96

Ресей парламенті елден кеткен азаматтардың құқығын шектейтін заң жобасын қабылдады

Бүгін, 16:24
Ресей парламенті елден кеткен азаматтардың құқығын шектейтін заң жобасын қабылдады
svoboda.org

Ресей мемлекеттік думасы елден кеткен азаматтардың құқықтарын шектеуге мүмкіндік беретін заң жобасын қабылдады, деп хабарлайды Ulysmedia.

Толығырақ

Құжатқа сәйкес, Ресейден кетіп, қылмыстық немесе әкімшілік жауапкершілікке тартылған азаматтар бұдан былай шетел паспортын алу, азаматтықтан шығу, мемлекеттік қызметтер порталын пайдалан және Ресей аумағындағы қаражаты мен мүлкін басқару құқығынан айырылады.

Сондай-ақ Ресейдің дипломатиялық өкілдіктері шетелде ұсталған мұндай азаматтарға құқықтық қолдау көрсетуді тоқтатып, консулдық қызметтердің басым бөлігін көрсетпейтін болады. Тек азаматтың тірі екенін куәландыру және көру қабілеті бұзылған адамдардың қолтаңбасын растау қызметтері ғана сақталады.

Бұл заң «Армияның беделін түсіру», «Ресейге қарсы санкциялар енгізуге үндеу», «Елдің аумақтық тұтастығын бұзу», сондай-ақ «Шетел агенті» және «Қажетсіз ұйымдар» баптарыбойынша айыпталған азаматтарға қолданылады.

Шектеу енгізілген азаматтардың тізімі Ресей бас прокуратурасының сайтында жарияланады.