×
479.42
467.91
8.21
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
479.42
467.91
8.21

Мен дүкенге барғанда келісі 400-600 теңгеден болды - министр Сұлтанов қант бағасы жайлы

15.03.2022, 11:01
Фото: Ашық дереккөзден

Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов жексенбі күні дүкендерді аралап, қант бағасын өз көзімен көргенін мәлім етті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«Біз ақпаратты жинап қана қоймай, сауда нысандарын да аралаймыз. Өзім жексенбі күні сондай сауда нүктелерінде болып қайттым. Әлбетте, бағалар әртүрлі. Мойындаймын. Алайда сол бағалардың бәрі нарықтағы сұраныс бойынша дүрлігуден өсіп кеткен. Сол себепті жергілікті атқарушы органдармен бағаны қалыпты жағдайда ұстау үшін жұмыс істеп жатырмыз», - деді Бақыт Сұлтанов үкімет отырысынан кейін тілшілердің сұрақтарына жауап бере отырып.

Сөз соңында Бақыт Сұлтанов қант келісінің 900 теңгеден сатылғанын көрмегенін, өзі барған сауда нүктелерінде оның келісі 400-600 теңгеден болғанын айтты.