×
467.65
533.26
5.96
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
467.65
533.26
5.96

Астанадағы «Нұрлы жол» вокзалының төбесі опырылып түсті

Бүгін, 13:01
Астанадағы «Нұрлы жол» вокзалының төбесі опырылып түсті
vechastana.kz

Астанадағы «Нұрлы жол» вокзалында төбе жабындысының бір бөлігі опырылып түсті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz. «Қазақстан темір жолы» компаниясы бұған нөсер суын ағызу жүйесіндегі ақау себеп болғанын мәлімдеді.

Мән-жай

Оқиға 22 шілдеде кешке вокзал кешенінің үшінші қабатында болған. Куәгерлер түсірген видео әлеуметтік желілерде тез тарады.

Кадрлардан төбе жабындысының бір бөлігі вокзал ғимаратының ішіне құлағанын көруге болады. Абырой болғанда, зардап шеккендер жоқ.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ мәліметінше, оқиға сағат 19:45-те тіркелген. Мамандар зақымданған аумақты тексеріп, нөсер суын ағызатын құбырлардың жалғанған тұсынан ақау анықтаған.

– Вокзал кешенінің қызметкерлері зақымданған аумақты тексеру барысында нөсер суын ағызу жүйесі құбырларының жалғанған жері бүлінгенін анықтады. Қазір жіктерді бітеу және құбырлардың жалғанған тұстарын қалпына келтіру жұмыстары аяқталды, – деп хабарлады ҚТЖ өкілдері. 

Компания вокзал қалыпты режимде жұмыс істеп жатқанын мәлімдеді.

Айта кетейік, «Нұрлы жол» вокзалы 2017 жылы пайдалануға берілген.