×
467.65
533.26
5.96
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
467.65
533.26
5.96

Еуроодақ Ресейге қарсы санкциялардың 21-пакетін мақұлдады

Бүгін, 15:20
Еуроодақ Ресейге қарсы санкциялардың 21-пакетін мақұлдады
фото: Ашық дереккөзден

Бірнеше аптаға созылған келіссөздерден кейін Еуропалық одаққа мүше елдер Ресейге қарсы санкциялардың 21-пакетін мақұлдады, деп хабарлайды Ulysmedia.

Толығырақ

Жаңа санкциялар пакетінің қабылданғанын Еуропалық комиссияның төрайымы Урсула фон дер Ляйенмәлімдеді.

— Қаржылық операциялар жүргізуге тыйым салынған ұйымдар тізіміне тағы 32 ресейлік банкты қостық. Сондай-ақ шектеулер криптовалюта компаниялары мен мұнай саудасына арналған платформаларға да қолданылады. Бұған қоса, алғаш рет Ресейдің «көлеңкелі флотына» қызмет көрсететін кемелерге қарсы санкциялар енгізіп отырмыз, – деп жазды ол X әлеуметтік желісіндегі парақшасында.

Сонымен қатар, Еуропалық одақ Ресей мұнайына белгіленген шекті баға тетігін қайта қарау механизмінің қолданылуын бір жылға тоқтатты. Брюссельдің пайымдауынша, бұл әлемдік мұнай бағасы күрт қымбаттаған жағдайда Ресейдің қосымша табыс табуына жол бермейді.

Жаңа санкциялар пакетіне Украинаға қарсы соғысқа қатысқан бұрынғы ресейлік әскери қызметкерлерге виза беруді шектеу, сондай-ақ Ресейдің қаржы секторына және әскери өнеркәсіппен байланысты кәсіпорындарға қатысты жаңа санкциялар енгізу туралы шаралар да енген.