×
467.65
533.26
5.96
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
467.65
533.26
5.96

Мәскеуден Ясауи іліміне қатысты XVII ғасырдағы сирек қолжазба табылды

Бүгін, 17:30
Мәскеуден Ясауи іліміне қатысты XVII ғасырдағы сирек қолжазба табылды
Мәдениет және ақпарат министрлігі

«Әзірет Сұлтан» ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығының Ясауитану ғылыми орталығының ғалымдары Ресей мемлекеттік кітапханасынан Ясауи тариқатының тарихы мен рухани іліміне арналған, бұған дейін ғылыми ортада аса мәлім болмаған XVII ғасырдағы сирек қолжазбаны анықтады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

БҰЛ ҚАНДАЙ ЕҢБЕК?

«Хужжат әз-Закирин ли-радд әл-Мункирин» («Зікірді терістеушілерге қарсы зікір етушілердің дәлелі») атты еңбек Мәскеуге ұйымдастырылған ғылыми экспедиция барысында табылды. Бұхарада жазылған бұл туынды – Ясауи мектебінің тарихын танытатын маңызды жазба дереккөздердің бірі.

Қолжазбада сопылық ілім, жария зікір дәстүрі және рухани сабақтастық мәселелері сөз болады.

– Бұл еңбекте Қожа Ахмет Ясауиден, Хакім ата мен Зеңгі атадан бастау алатын және тариқаттың кейінгі өкілдеріне дейін жалғасқан рухани шежіре жөнінде құнды мәлімет қамтылған, – деп хабарлады Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі.

ҒЫЛЫМИ АЙНАЛЫМҒА ЕНГІЗІЛЕДІ

Бүгінде мамандар қолжазбаның ғылыми сипаттамасын әзірлеп жатыр. Алдағы уақытта оның мәтіні белгілі нұсқалармен салыстырылып, мәтінтанулық талдау жүргізіледі. Зерттеу нәтижелері ғылыми айналымға енгізілмек.