×
467.65
533.26
5.96
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
467.65
533.26
5.96

35 рет пышақ сұққан: Шымкентте Нұрай Серікбайдың өліміне қатысты сот басталды

Бүгін, 17:53
35 рет пышақ сұққан: Шымкентте Нұрай Серікбайдың өліміне қатысты сот басталды
Ulysmedia коллажы

Шымкентте 21 жастағы Нұрай Серікбайдың өліміне қатысты қылмыстық істі қарау басталды. Тергеу нұсқасы бойынша, 28 жастағы Шерхан Аймахан қызға 35 рет пышақ сұққан, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

МӘН-ЖАЙ

Сот отырысы басталар алдында судья айыпталушыдан өзі туралы айтып беруін сұрады. Шерхан Аймахан 33 жаста екенін, Шымкентте туғанын, «энергетик» мамандығы бойынша жоғары білімі бар екенін, үйленбегенін және бұрын сотталмағанын айтты.

Марқұмның отбасы өкілдерінің адвокаттары сот отырыстарын тікелей эфирде көрсетуді сұраған. Олардың пікірінше, процесс ашық өтуі керек. Бұл арқылы көбірек қыз-келіншек қудалау мен сталкингтің қандай салдарға әкелетінін түсініп, өзін қорғау жолдарын біле алады деп есептейді.

Алайда қорғау тарапы сот процесін тікелей трансляциялауға қарсы шықты. Судья бұл өтінішті қанағаттандырмады.

Одан кейін айыпталушы істің алқабилер сотында қаралуын қаламайтынын мәлімдеді. Кейін мемлекеттік айыптаушы айыптау актісін оқыды.

Тергеу мәліметінше, қылмыс болған күні Аймахан әуелі Нұрайға бес рет пышақ жарақатын салғаннан кейін оқиға орнынан кеткен. Алайда көп ұзамай қайта оралып, қызға тағы 30 рет пышақ ұрған.

КОНТЕКСТ

21 жастағы Нұрай Серікбай 11 қаңтарда Шымкентте қаза тапқан. Тергеу нұсқасы бойынша, Шерхан Аймахан қызды ұзақ уақыт бойы аңдып, кейін оны ұрлап, некеге тұруға мәжбүрлемек болған.

Туыстарының айтуынша, қыздың бас тартуынан кейін де оған жасалған қысым мен қоқан-лоқы жалғасқан. Олар бұл жағдай бойынша полицияға бірнеше рет жүгінгенін айтқан.

Шерхан Аймаханға адам ұрлау, адам өлтіремін деп қорқыту және аса қатыгездікпен жасалған кісі өлтіру баптары бойынша айып тағылған.