×
465.74
531.08
5.92
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
465.74
531.08
5.92

Федоров Зеленский ұсынған қызметтен бас тартты

Бүгін, 15:47
Федоров Зеленский ұсынған қызметтен бас тартты

Украинаның бұрынғы қорғаныс министрі Михаил Федоров президент Владимир Зеленский ұсынған қызметтерді қабылдамайтынын мәлімдеді. Ол қайтадан қорғаныс министрі болған тағайындалған жағдайда ғана мемлекеттік қызметке оралуға дайын екенін айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.

Толығырақ

Михаил Федоровтың сөзінше, соғыс жағдайында Украинада ең маңызды тек үш ғана лауазым бар. Олар – президент, қорғаныс министрі және қарулы күштердің бас қолбасшысы қызметтері.

Бұған дейін Владимир Зеленский Федоровқа жаңа үкімет құрамында бірнеше қызметті, соның ішінде әскери инновациялар жөніндегі премьер-министрдің орынбасары қызметін ұсынған болатын. Алайда бұрынғы министр бұл ұсыныстардан бас тартты.

Зеленский Федоровтың билік құрылымында қалып, қорғаныс саласындағы технологиялық жобаларды дамытуға атсалысқанын қалайтынын жеткізген. Бұл тұста Киевте Михаил Федоровты қорғаныс министрі қызметіне қайта тағайындауды талап еткен наразылық акциялары жалғасып жатыр.

Айта кетейік, жақында Зеленский қорғаныс министрінің міндетін атқарушы етіп Евгений Хмараны тағайындап, қарулы күштердің бас қолбасшысы Александр Сырскийді қызметінен босатып, оның орынана генерал Михаил Драпатыйды бекіткен. Михаил Федеров пен Александр Сырскийдің қызметткен кетуіне екеуінің арасындағы келіспеушілік себеп болғаны туралы айтылған.