×
476.07
541.86
6.08
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
476.07
541.86
6.08

Тоқаев пен Путин Омбыда өтіп жатқан Қазақстан мен Ресей форумында кездеседі

Бүгін, 09:38
Тоқаев пен Путин Омбыда өтіп жатқан Қазақстан мен Ресей форумында кездеседі
Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 25 шілдеде Ресей президенті Владимир Путиннің шақыруымен Омбыға барады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Тоқаев пен Путин кездеседі

Мемлекет басшысы Қазақстан мен Ресейдің XXIІ Өңіраралық ынтымақтастық форумына қатысады. Сапар аясында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путиннің кездесуі де жоспарланған.

Форум туралы не белгілі?

Қазақстан мен Ресейдің өңіраралық ынтымақтастық форумы Омбыда 24–25 шілде күндері өтеді.

Бұған дейін Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Владимир Путиннің де форумға қатысу үшін Омбыға баратынын хабарлаған.

Форум бағдарламасына жастар жиыны, Қазақстан–Ресей және Ресей–Қазақстан іскерлік кеңестерінің бірлескен отырысы, кәсіпкерлер арасындағы іскерлік байланыстар алаңы, сондай-ақ, мәдени және көрме шаралары енгізілген.