×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Алматы маңында екі мәрте жер сілкінді

10.02.2023, 15:56
Алматы маңында екі мәрте жер сілкінді
фото: ашық дереккөзден

Алматы маңында жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«Зілзала ошағы Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 113 шақырым қашықтықта, Қырғызстан аумағында орналасқан. Энергетикалық класы – 7.9. MPV магнитудасы – 3.4. Эпицентр координаттары – 42.38° с.е. 76.12° ш.б. Тереңдігі – 20 шақырым. Сезілгені жайлы ақпарат (MSK-64 шкаласы бойынша) жоқ», – делінген «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістеме экспедициясы» ЖШС сейсмикалық станциялар желісінің хабарламасында.

Бұл Алматы маңында бір тәулік ішінде тіркелген екінші жер сілкінісі. Сағат 11:24-те қазақстандық сейсмологтар 4,5 балдық жер сілкінісі туралы хабарлаған болатын. Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 338 шақырым жерде Қырғызстан аумағында орналасқан.