×
476.75
541.59
6.06
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
476.75
541.59
6.06

Иран Украинаға баллистикалық зымыранмен соққы жасауды жоспарлаған

Бүгін, 15:11
Иран Украинаға баллистикалық зымыранмен соққы жасауды жоспарлаған
minval.az

Иран Украинаға баллистикалық зымыранмен соққы жасауды жоспарлаған, деп хабарлайды Ulysmedia.

Толығырақ

The New York Times басылымының жазуынша, Иран Каспий теңізіндегі өз кемесіне жасалған шабуылға жауап ретінде Украина теңіз порттарының біріне баллистикалық зымыранмен соққы жасау мүмкіндігін қарастырған. Алайда кейіннен ол жоспарынан бас тартқан. Оған Киевтің болған жағдайдың тігісін жатқызуға бағытталған дипломатиялық қадамдары себеп болған.

Бұған дейін Украина сыртқы істер министрі Андрей Сигиба Иран сыртқы істер министрі Аббас Аракчиментелефон арқылы сөйлескенін мәлімдеді.

Онда ол Украина өз әрекетін тек Ресейдің әскери агрессиясынан қорғануға бағытталғанын, ешқашан азаматтық кемелерге немесе бейбіт тұрғындарға қарсы жасалмағанын жеткізіп, Киевтің шиеленістің ушығуына мүдделі емес екенін айтқан.

Ал Аббас Аракчи бұл мәлімдемені Украинаның Иран кемесіне кездейсоқ соққы жасағанын мойындауыретінде бағалады. Сонымен қатар, Тегеранның да жағдайды ушықтыруға ниетті емес екенін айтып, Украинадан келтірілген шығынды өтеуді талап етті.

Контекст

25 шілдеде Украина президенті Владимир Зеленский Каспий теңізі акваториясына алыс қашықтықтан жасалған соққылардың «өте жақсы нәтиже бергенін» мәлімдеді. Соққы Ираннан әскери жүк тасымалдаған кемелерге жасалған. Алайда Зеленский Иранның нақты қай кемесіне соққы жасалғанын айтқан жоқ.

Сол күні Иран Украинаны өзінің сауда кемесіне шабуыл жасады деп айыптап, соққы салдарынан бір адамныңқаза тапқанын хабарлады. Тегеран Киевті «Израильдің тапсырмасымен Еуропаны соғысқа тартуға тырысып отыр» деп айыптады.

Бұған жауап ретінде Владимир Зеленский Иран бұған дейін Ресейге қару-жарақ жеткізу арқылы Украинаға іс жүзінде шабуыл жасады деп мәлімдеді. Сонымен қатар ол Ресейдің АҚШ-пен қақтығыс жағдайында Иранға қолдау көрсетіп отырғанын айтты.