×
448.89
477.93
4.76
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
448.89
477.93
4.76

Түркия мен Сирияда қаза тапқан адамдар саны 23 мыңнан асты

11.02.2023, 09:26
Ашық дереккөз

Түркия мен Сирияда болған зілзала салдарынан 23 мыңнан астам адам қаза тапты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Соңғы мәліметтер бойынша, Түркиядағы жер сілкінісінің құрбаны 20 213 адамға жетті.  Сирияда қаза тапқандар саны 3500-ге дейін өсті, деп хабарлайды Reuters.

Қос елде апаттан 80 мыңнан астам адам зардап шекті. Олардың саны да күн сайын өсу үстінде.

 

 

6 ақпанда таңертең Түркия мен Сирияда 7,8 балдық жер сілкінісі болды. Осыдан кейін де мұнда кем дегенде тағы 10 жер сілкінісі сезілді.

Қазақстан Түркияға өз құтқарушылары мен дәрігерлер тобын жіберді, олар Түркияның екі қаласында – Газиантеп пен Нұрдалыда қарқынды жұмыс істеп жатыр. Іздеу-құтқару операциялары кезінде 7 адам тірідей табылды, сондай-ақ 14 мәйіт үйінді астынан шығарылды.

Серіктес жаңалықтары