×
$
473.59
544.68
5.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
$
473.59
544.68
5.94

Алматыдағы колонияда екі сотталушының суицид жасағаны рас па

Бүгін, 12:47
Алматыдағы колонияда екі сотталушының суицид жасағаны рас па
Pixabay.com

Әлеуметтік желілерде Алматыдағы қауіпсіздігі барынша төмен мекемелердің бірінде екі сотталған адамның бірінен кейін бірі өз-өзіне қол жұмсағаны туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

МӘН-ЖАЙ

Сотталғандардың өзіне-өзі қол жұмсағаны туралы хабарламалар әлеуметтік желіде тез тарап, қоғамда резонанс тудырды.

Ulysmedia.kz ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетіне ресми сауал жолдады. Ведомство бұл ақпаратты үзілді-кесілді жоққа шығарды.

– Алматыдағы мекемелерде екі сотталған азаматтың өз-өзіне қол жұмсағаны туралы ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. Қаланың ҚАЖ мекемелері де, жалпы жүйе де штаттық режимде жұмыс істеп тұр. Жағдай тұрақты, – деді ҚАЖК баспасөз қызметі.

Комитет сондай-ақ көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін жауапкершілік қарастырылғанын еске салып, азаматтарды тек ресми дереккөздерге сенуге үндеді.

КОНТЕКСТ

Еске салайық, бұған дейін Атыраудағы ерлер колониясында сотталғандар арасында жанжал болып, соңы бір адамның өлімімен аяқталды.