×
$
475.38
547.73
5.93
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
$
475.38
547.73
5.93

Кипрде пышаққа түскен қыз Қазақстан азаматы емес болып шықты

Бүгін, 16:10
Кипрде пышаққа түскен қыз Қазақстан азаматы емес болып шықты
northcyprusfaq

Солтүстік Кипрдің Никосия қаласындағы супермаркетте пышаққа түскен қыздың Қазақстан азаматы емес екені анықталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Мән-жай

Бұл туралы Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі мәлімдеді.

– Кипр тарапы Солтүстік Кипрдегі оқиғаға қатысушы адамның азаматтығына қатысты ресми ақпарат ұсынды. Деректерді нақтылау барысында зардап шеккен адамның Қазақстанда туғаны, алайда Қырғыз Республикасының азаматы екені анықталды, – делінген ведомство хабарламасында.

Контекст

Еске салайық, 3 тамызда Солтүстік Кипрдің Никосия қаласындағы Metropol Market супермаркетінде ер адам 22 жастағы қызға бірнеше рет пышақ сұққан. Шабуылдан кейін күдікті өзін де пышақпен жаралаған. Екеуі де ауруханаға жеткізілген.

Бұған дейін жергілікті БАҚ шабуыл жасаған ер адамның жәбірленушінің бұрынғы жігіті болуы мүмкін екенін жазған еді. Алайда бұл ақпарат ресми түрде расталған жоқ.