×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Түркия: Жер сілкінісінен 122 сағат өткен соң үйінді астынан екі жасар қыз құтқарылды

11.02.2023, 16:31
Түркия: Жер сілкінісінен 122 сағат өткен соң үйінді астынан екі жасар қыз құтқарылды
Ашық дереккөз

Түркияның оңтүстігіндегі Хатай провинциясының Антакья қаласында ғимарат құлағаннан кейін 122 сағаттан соң құтқарушылар үйінді астынан екі жасар қызды алып шықты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz тілшісі Aнадолу ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Іздестіру-құтқару жұмыстарына қатысқан жандармерия қызметкерлері Гюнеш көшесіндегі үйлердің бірінің қирандысы астында қалған баланың дауысын естиді. Қыз бала алғашқы медициналық көмек көрсетілгеннен кейін ауруханаға жеткізілді.

Бұған дейін хабарланғандай, эпицентрі Түркияның Кахраманмараш қаласында болған жер сілкінісінен зардап шеккендердің саны 23 мың болды, 80 мыңнан астам адам зардап шекті.

Дүйсенбі, 6 ақпанда жеті балдан асатын екі жер сілкінісі болды (жергілікті уақыт бойынша 4:17-де – 7,7 балл және 13:24-те – 7,6 балл). Жүздеген афтершокпен жалғасқан жерасты дүмпуі елдің 10 провинциясында, сондай-ақ көршілес мемлекеттерде де сезілді.

Ел президенті Режеп Тайып Ердоған табиғи апат зардабына байланысты Түркияда жеті күндік жалпыұлттық аза тұту жариялады. Бүкіл ел бойынша мемлекеттік тулар төмен түсірілді.

Жойқын жер сілкінісі көршілес елдерде, соның ішінде Сирия, Ливан, Солтүстік Кипрдің Түрік Республикасы, Грекия Кипрінде және Иракта да сезілді.