×
$
465.74
537.23
5.62
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
$
465.74
537.23
5.62

Корея президенті 14 алаяқты экстрадициялауға көмектескені үшін Тоқаевқа алғыс айтты

Бүгін, 13:30
Корея президенті 14 алаяқты экстрадициялауға көмектескені үшін Тоқаевқа алғыс айтты
Ulysmedia коллажы

Оңтүстік Корея президенті Ли Чжэ Мен X әлеуметтік желісіндегі (бұрынғы Twitter) жазбасында Қазақстанда телефон алаяқтығы арқылы Оңтүстік Корея азаматтарын алдаған қылмыстық топтың 14 мүшесі ұсталғанын айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz. 

Корея басшысы не жазды

Ол қашып жүрген алаяқтарды ұстау және оларды қысқа мерзімде экстрадициялау ісінде Қазақстан президентінің жеке қолдауы мен қазақстандық арнайы қызметтердің кәсіби жұмысы шешуші рөл атқарғанын атап өтті.

– Ұсталғаннан бастап елге жеткізуге дейінгі операцияның жедел жүргізілуі Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың және Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетінің белсенді қолдауы мен ынтымақтастығының арқасында мүмкін болды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа және тиісті тараптарға шынайы алғысымызды білдіреміз. Келесі айда өтетін «Корея Республикасы – Орталық Азия» саммитінде кездесіп, алғысымды жеке жеткізе аламын деп сенемін, – деп жазды Ли Чжэ Мен.

ҰҚК қашып кеткен қылмыстық топты қалай ұстады

Қылмыстық топ ұзақ уақыт бойы Оңтүстік Корея азаматтарына телефон қоңыраулары арқылы шабуыл жасап, алаяқтықпен айналысқан. Іздерін жасыру үшін қылмыскерлер Камбоджа мен Вьетнам арқылы өтіп, кейін Қазақстанға жасырын кіріп, астыртын колл-орталықтар ұйымдастырмақ болған.

Алайда олардың Қазақстанда жасырынуы сәтсіз аяқталды. ҰҚК қызметкерлері қылмыстық топтың барлық 14 мүшесін анықтап, ұстады.

Күштік операция жүргізілген сәттен бастап ұсталғандарды Сеулге жеткізгенге дейін небәрі екі апта өтті. Қазір оларға қатысты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.