×
$
465.74
537.23
5.62
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
$
465.74
537.23
5.62

Алматыда жүргізушіні соққыға жыққан ер адам ұсталды

Бүгін, 16:05
Алматыда жүргізушіні соққыға жыққан ер адам ұсталды
Видеодан алынған кадр

Алматыда жүргізушілер арасындағы жанжалы күш қолданумен аяқталды. Оқиғаға қатысты күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz. 

Оқиғаның мән-жай

Полиция қызметкерлері әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында жолдағы жанжал түсірілген бейнежазбаны анықтаған.

Кадрларда жанжалға қатысушылардың бірінің екінші жүргізушіге күш қолданғаны көрінеді.

Күдікті ұсталды

Аталған факті бойынша полиция дереу сотқа дейінгі тергеуді бастады. Күдікті анықталып, ұсталды және уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Тергеу барысы Алматы қаласы Полиция департаменті басшылығының бақылауында.

Полиция жолдағы кез келген жанжал заң аясында шешілуі тиіс екенін ескертті. Жол қозғалысына қатысушыларға күш қолдану заңда белгіленген жауапкершілікке әкеп соғады.