×
444.14
477.05
4.85
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
444.14
477.05
4.85

Мамин тұмауға қарсы екпені жандандыруды тапсырды

28.09.2021, 08:19
Фото: Ашық дереккөзден

Үкімет басшысы медицина ұйымдарының тұмау жұқтырған науқастарды қабылдауға әзірлігін қамтамасыз етуді тапсырды, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

«Жалпы эпидемиологиялық жағдай жақсарып келеді. Барлық өңірде вирус жұқтыру деңгейі біршама азайды. Дегенмен, «қызыл аймақта» Алматы және Нұр-Сұлтан қалалары мен Қарағанды, Павлодар және Ақмола облыстары қалып отыр. Сондықтан эпидемиологиялық жағдайды бақылауда ұстауды, вакцинациялауды жалғастыру қажет», - деді Асқар Мамин Үкіметтің бүгінгі отырысында.

Премьер-министрдің айтуынша, қазіргі уақытта бірінші компонент 7,5 млн астам адамға, екінші компонент 6,4 млн адамға салынған. Сонымен бірге тұмау мен басқа да респираторлық инфекциялар бойынша профилактикалық және эпидемияға қарсы шара қолдану қажеттігі туындап отыр. Жалпы елге тұмауға қарсы вакцинациялау үшін 2,5 млн доза вакцина әкелінген.

«Халықты тұмауға қарсы вакцинациялауды жандандырып, медицина ұйымдарының тұмау жұқтырған науқастарды қабылдауға әзірлігін қамтамасыз ету қажет», - деген Асқар Мамин бұл мәселені бақылауды орынбасары Ералы Тоғжановқа тапсырды.

Серіктес жаңалықтары