×
$
465.74
537.23
5.62
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
$
465.74
537.23
5.62

Қазақстанда аптап ыстық басылып, жаңбыр жауады

Бүгін, 16:42
Қазақстанда аптап ыстық басылып, жаңбыр жауады
Pixabay.com

Синоптиктер Қазақстан аумағындағы атмосфералық фронттардың ауысатынын ескертті. Алдағы күндері елдегі ауа райына солтүстік циклон әсер етеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz. 

Циклон, жаңбыр және бұршақ

Солтүстік циклон батыстан шығысқа қарай жылжи бастайды. Соның әсерінен найзағай ойнап, жаңбыр жауады және жел күшейеді. Қазақстанның кейбір өңірлерінде бұршақ жаууы мүмкін.

«Қазгидрометтің» мәліметінше, 15 тамыздан бастап циклонның артына антициклон ене бастайды. Ол жауын-шашынның тоқтауына және еліміздің батыс өңірлерінде ауа температурасының айтарлықтай төмендеуіне себеп болады.

Оңтүстікте аптап ыстық сақталады

Қазақстанның оңтүстігінде жағдай өзгеше болады. Оңтүстіктен келетін ауа ағындарының әсерінен мұнда негізінен құрғақ ауа райы мен жоғары температура сақталады.

Күндіз ауа температурасы +37...42°C-қа дейін көтеріліп, аптап ыстық болады.