Грузияда 14 минутта екі жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Илья университеті жанындағы сейсмикалық мониторинг орталығының сайтындағы мәліметтерге сәйкес, алғашқы жер асты дүмпулері, Астана уақыты бойынша сағат 14:07-де білініп, магнитудасы 4,6-ны құрады. Жер сілкінісінің ошағы Озургети қаласының оңтүстік-шығысындағы Гоми ауылында орналасқан.
3,6 балдық жер сілкінісі қайтадан сағат 14:21-де тіркелді. Оның ошағы да тағы Гоми ауылы маңынан анықталды. Жер сілкінісі Батуми мен Кобулетиде де сезілді.
Қирандылар мен зардап шеккендер туралы мәлімет жоқ.
6 ақпанда Түркия мен Сирияда қатты жер сілкінісі болды.