×
$
464.02
536.18
5.54
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
$
464.02
536.18
5.54

Астана – Щучинск тасжолында рөлде ұйықтап кеткен жүргізуші жол апатына түсті

Бүгін, 18:19
Астана – Щучинск тасжолында рөлде ұйықтап кеткен жүргізуші жол апатына түсті
Видео кадры

Астана – Щучинск тасжолындағы төлем бекетіне жақындаған жерде Toyota Land Cruiser Prado жүргізушісі рөлде ұйықтап кетіп, көлікті басқара алмай қалған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz. Апат 15 тамызда таңғы сағат 08:43 шамасында болған.

Мән-жайы

«ҚазАвтоЖол» мәліметінше, жол талғамайтын көлік үшінші және төртінші жолақтың арасындағы жол құрылымдарына соғылған. Соның салдарынан жол белгісі, бөлгіш қорғаныс буфері және бетон блок зақымданған.

Көлікте жүргізушіден басқа ешкім болмаған. Ол жарақат алмаған және медициналық көмектен бас тартқан.

Екі жолақ уақытша жабылды

Апаттан кейін үшінші және төртінші жолақтағы қозғалыс уақытша тоқтатылған. Жол полициясы оқиға орнына сағат 10:06-да жеткен.

Сағат 11:34-ке қарай көлік қозғалысы толық қалпына келтірілген.

«ҚазАвтоЖол» рөлде бірнеше секундқа қалғып кету қайғылы жағдайға әкелуі мүмкін екенін еске салды. Егер жүргізушінің ұйқысы келіп, көзі ауырлай бастаса немесе зейіні шашыраса, жолды жалғастыра бермей, қауіпсіз жерге тоқтап, демалып алған дұрыс.