Алдағы күндері Қазақстанда ауа райы екіге бөлінеді: елдің бір бөлігінде аптап ыстық сақталса, солтүстікте жаңбыр жауып, ауа температурасы күрт төмендейді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Елдің басым бөлігінде жаңбыр жауады
Қазгидромет мәліметінше, атмосфералық фронттар Қазақстанның барлық дерлік өңіріне жаңбыр әкеледі. Синоптиктер найзағай, екпінді жел және бұршақ жаууы мүмкін екенін болжап отыр.
– 19 және 20 тамызда еліміздің солтүстігінде жаңбыр әсіресе мол жауады. 20 тамызда нөсер жаңбыр орталық өңірлерге де жетеді. Қазақстанның солтүстігінде, шығысында және орталығында түнде және таңертең тұман түседі, – деп ескертті синоптиктер.
Синоптиктердің болжамынша, жаңбыр оңтүстік өңірлерде жаумайды.
Батыс аптап ыстық сақталса, солтүстік салқындайды
Ең жоғары температура батыс өңірлерде сақталады. Күндіз ауа температурасы +30...+38 градусқа дейін көтерілсе, Маңғыстау облысының кей жерлерінде аптап ыстық +41 градусқа дейін жетеді.
Ақтөбе облысында синоптиктер +27...+35 градус аралығында ауа райын болжап отыр. Қостанай облысында күн айтарлықтай салқындап, температура +20...+30 градус шамасында болады.
Ал Қазақстанның солтүстігінде күндіз ауа температурасы +17...+22 градусқа дейін төмендейді.
Елдің орталығы мен шығысында да салқындау болады. Бұл өңірлерде күндіз +18...+30 градус аралығында жылы.
Оңтүстікте жазғы аптап сақталып, ауа температурасы +30...+37 градус. Қазақстанның оңтүстік-шығысында күндіз +28...+35 градусқа дейін жылы болады.
«Қазгидромет» болжамына сәйкес, мұндай ауа райы 18-20 тамыз аралығында сақталады.