×
$
460.13
532.6
5.42
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
$
460.13
532.6
5.42

Доллар қайта қымбаттай бастады

Бүгін, 18:46
Доллар қайта қымбаттай бастады
Freepic

Біршама уақыт бойы төмендеген доллар бағамы қайта өсе бастады. 19 тамыздағы Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда қорытындысы бойынша АҚШ валютасының орташа бағамы 462,05 теңге болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ұлттық валюта әлсіреді

Бір күнде доллар 1,71 теңге қымбаттады. Бір күн бұрын оның бағамы 460,34 теңге болған.

Еуро да өсіп, 536,51 теңгеге жетті. Ал рубль 0,36% қымбаттап, 5,4236 теңге болды.

Контекст

Кейінгі бірнеше аптада доллар негізінен арзандаған еді. 3 тамызда оның бағамы 475,23 теңге болса, 18 тамызға қарай 460,34 теңгеге дейін төмендеп, шамамен 15 теңге арзандады.

Бүгін бұл төмендеу үрдісі тоқтады. Дегенмен доллар бағамы ай басындағы деңгейден әлі де айтарлықтай төмен болып отыр.