Қазақстан азаматы аса ірі мөлшерде салық төлеуден жалтарды деген күдікпен Ресейден елге экстрадицияланды. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Толығырақ
Тергеу мәліметінше, күдікті 2022-2023 жылдары коммерциялық ұйымдардың бірін басқарып, кірістер декларациясына әдейі бұрмаланған мәліметтер енгізген. Соның салдарынан мемлекетке 290 миллион теңгеден астам салық төленбеген.
Қылмыс жасалғаннан кейін күдікті тергеу органдарынан бой тасалап, халықаралық іздеуге жарияланған.
Күдікті экстрадицияланды
Биыл қаңтарда ол Ресейдің Краснодар қаласында ұсталды. Қазақстан Бас прокуратурасының сұрауы бойынша күдікті елге экстрадицияланды.
Қазір ол тергеу изоляторына қамалды. Күдіктіге тағылған қылмыс дәлелденсе, оған белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейін айыра отырып, 8 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
Күдіктінің кінәсін сот анықтайды.