×
$
458.23
535.99
5.46
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
$
458.23
535.99
5.46

Теңге аптаны жоғары көрсеткішпен аяқтады

Бүгін, 17:50
Теңге аптаны жоғары көрсеткішпен аяқтады
Freepic

Кеше күрт құлдыраған доллар бүгін сәл қайта қымбаттады. Алайда өсім шамалы болды. 21 тамыздағы Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша АҚШ валютасының орташа бағамы 457,62 теңге болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ұлттық валюта бәрібір нығайды

Бір күнде доллар небәрі 28 тиын қымбаттады. Алдыңғы күні жағдай мүлде өзгеше болған: бағам бірден 4,71 теңгеге төмендеп, 462,05 теңгеден 457,34 теңгеге түскен еді.

Еуро бүгін 536,71 теңгеге дейін қымбаттады. Ал рубль 0,79%-ға өсіп, 5,5201 теңге болды.

Контекст

Тамыз айының басынан бері доллар айтарлықтай арзандады. 3 тамызда «америкалық валюта» 475,23 теңге болған. Қазір оның бағасы 17,61 теңгеге төмен.