×
$
456.88
534.64
5.47
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
$
456.88
534.64
5.47

Жетісуда із-түзсіз кеткен турист аман табылды

Бүгін, 15:54
Жетісуда із-түзсіз кеткен турист аман табылды
pixabay

Жетісу облысында құтқарушылар бірнеше күн бойы тауда болып, кейін байланысқа шықпай қалған ер адамды тапты. Ол шамамен 2000 метр биіктегі шатырдан табылған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Мән-жай

ТЖМ мәліметінше, турист 19 тамызда Ақсу ауданындағы тауға шығып, екі күннен кейін қайтуды жоспарлаған. Алайда үшінші күні де оралмай, хабарсыз кеткен соң туыстары 112 нөміріне көмек сұрап жүгінген.

Іздеуге тікұшақ жұмылдырылды

Іздестіру жұмыстарына ТЖМ қызметкерлері кірісті. Сондай-ақ, «Қазавиақұтқару» тікұшағы тартылды.

Нәтижесінде ер адам таудағы шатырдан табылды. Оның жағдайы қанағаттанарлық деп бағаланып, медициналық көмек қажет болмаған.

Құтқарушылар туристі қауіпсіз жерге жеткізіп, кейін тау етегінде қалдырған көлігіне дейін шығарып салды.