×
$
456.88
534.64
5.47
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
$
456.88
534.64
5.47

Алматыдағы MEGA-дан адамдар жаппай эвакуацияланды

Бүгін, 16:39
Алматыдағы MEGA-дан адамдар жаппай эвакуацияланды

Алматыда Mega сауда және ойын-сауық орталығының келушілері эвакуацияланды. Оқиға орнынан түсірілген видео әлеуметтік желіде тарады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Мән-жай

Кадрларда адамдардың ғимараттан жаппай шығып, сауда орталығының маңына жиналғаны байқалады.

«Қорқынышты екен, не болып жатыр?» — деп жазды Threads қолданушыларының бірі.

ТЖД мен MEGA Alma-Ata не деді?

Алматы қалалық ТЖД Ulysmedia.kz редакциясына сауда орталығында өрт ошағы анықталмағанын хабарлады. Шақыртудың жоғары деңгейі де расталмаған.

Ал сауда орталығының баспасөз қызметі қазір болған жағдайдың мән-жайын анықтап жатқанын мәлімдеді.

«MEGA Alma-Ata-да өрт дабылы іске қосылды. Жағдай бақылауда, барлық жүйе қалыпты режимде жұмыс істеп тұр. Сауда орталығы жұмысын жалғастырып жатыр. Келушілердің өмірі мен денсаулығына қауіп жоқ. Қазір тексеру жүргізіп, болған жағдайдың мән-жайын анықтап жатырмыз», — деп хабарлады сауда орталығының қызметкерлері.