×
$
456.88
534.64
5.47
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
$
456.88
534.64
5.47

Қазақстанның екі қаласында ауа сапасы нашарлайды

Бүгін, 09:01
Қазақстанның екі қаласында ауа сапасы нашарлайды
Pixabay.com

24 тамызда Ақтөбе мен Атырау қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар болжанып отыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Толығырақ

Синоптиктердің мәліметінше, дүйсенбі күні Ақтөбеде тәулік бойы, ал Атырауда түнде қолайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасады.

– 24 тамызда Ақтөбе қаласында, түнде Атырау қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі, – делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар желсіздік, әлсіз жел, тұман және температуралық инверсия сияқты факторлар қатар келген кезде қалыптасады. Мұндай жағдайлар ауаның жерге жақын қабатында ластаушы заттардың жиналуына ықпал етеді.

Ақтөбе мен Атырауда ауа райы қандай болады?

Ақтөбеде жауын-шашынсыз, аздаған бұлтты. Түнде және таңертең тұман түсуі мүмкін. Солтүстік жел оңтүстік-шығыс желге ауысып, оның жылдамдығы секундына 1-6 метр болады. Түнде ауа температурасы +11…+13 градус, күндіз +27…+29 градусқа дейін жетеді.

Атырауда да жауын-шашынсыз, аздаған бұлтты. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы түнде секундына 2-7 метр, күндіз 6-11 метрге дейін жетеді. Түнде ауа температурасы +22…+24 градус, ал күндіз аптап ыстық болып, +35…+37 градусқа дейін көтеріледі.