2026-2027 оқу жылына магистратура бойынша мемлекеттік білім гранты иегерлерінің тізімі жарияланды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Толығырақ
Білім беру гранттары кешенді тестілеу (КТ) нәтижелері бойынша конкурстық негізде тағайындалған.
Магистратура бойынша білім беру гранттарын тағайындау конкурсына ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша кемінде 75 балл, ал бейіндік бағыт бойынша кемінде 30 балл жинаған талапкерлер қатысты.
Биыл гранттар конкурсына жалпы саны 23 мыңға жуық адам қатысқан.
Болашақ магистранттарды жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына қабылдау 2026 жылғы 28 тамызды қоса алғанда жүргізіледі.
Грант иегерлерінің толық тізімін мына жерден көруге болады.