Алдыңғы аптада күрт құлдырағаннан кейін доллар бағамы іс жүзінде өзгере қойған жоқ, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Толығырақ
24 тамыздағы сауда қорытындысы бойынша Қазақстан қор биржасында (KASE) доллардың орташа бағамы 457,65 теңге болды. Жұма күні бұл көрсеткіш 457,62 теңге болған. Осылайша, бір күнде доллар бар болғаны 3 тиын қымбаттады.
Ал еуро 0,45% арзандап, 534,29 теңге болды. Рубльдің бағамы 0,51% төмендеп, 5,4921 теңге болды.
Контекст
Алдыңғы аптада бір ғана сауда сессиясында доллар бағамы шамамен 5 теңгеге күрт арзандап, 457,34 теңгеге дейін түскен еді. Жұма күні бағам сәл өскенімен, бүгін де айтарлықтай өсім байқалмады.