×
$
457.99
534.15
5.47
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
$
457.99
534.15
5.47

ОСК Құрылтай сайлауының қорытындысын жария етті

Бүгін, 12:18
ОСК Құрылтай сайлауының қорытындысын жария етті
Ulysmedia коллажы

Орталық сайлау комиссиясы (ОСК) Құрылтай депутаттарын сайлаудың қорытынды нәтижелерін жария етті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Толығырақ

Ең көп дауысты «Әділет» партиясы жинады — 71,17%, яғни 6 528 948 дауыс. Партия 110 депутаттық мандатқа ие болды.

Қалған саяси партиялардың нәтижелері төмендегідей болды:

  • «Ауыл» — 6,26% (574 621 дауыс), 10 мандат;

  • Respublica — 5,56% (509 631 дауыс), 9 мандат;

  • «Ақ жол» — 5,21% (478 083 дауыс), 8 мандат;

  • ЖСДП — 5,11% (469 058 дауыс), 8 мандат;

  • Қазақстан халық партиясы — 3,11% (285 395 дауыс);

  • «Байтақ» — 1,07% (97 751 дауыс).

Құрылтайға өту үшін партиялар сайлаушылардың жалпы санының кемінде 5 пайыз дауысын жинауға тиіс еді.

Орталық сайлау комиссиясы төрағасы Нұрлан Әбдіровтің айтуынша, сайлаушылардың жалпы саны – 12 623 289 адам. Сайлауға 9 351 539 адам, яғни сайлаушылар тізіміне енгізілген азаматтардың 74,8 пайызы қатысты.

Бұл сайлауға биыл наурызда өткен Конституция бойынша референдуммен салыстырғанда 224 мың адамға көп азамат қатысқан.