×
$
457.99
534.15
5.47
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
$
457.99
534.15
5.47

ІІМ Бейбіт Әлібековтің әкесінің даулы жазбаларына қатысты тексеру жүргізіп жатыр

Бүгін, 15:01
ІІМ Бейбіт Әлібековтің әкесінің даулы жазбаларына қатысты тексеру жүргізіп жатыр
Ulysmedia коллажы

Қазақстанның Ішкі істер министрлігі Бақыт Әлібековтің әлеуметтік желілердегі даулы жазбаларына қатысты тексеру бастады. Бұл туралы ведомство Ulysmedia.kz-тің ресми сауалына берген жауабында мәлімдеді.

Толығырақ

Қазір ІІМ танымал блогер әрі кәсіпкер Бейбіт Әлібековтің әкесі Бақыт Әлібековтің әлеуметтік желідегі жазбаларын тексеріп жатыр. Әлібеков өз жазбаларында қазақтар, қазақ тілі, Наурыз және басқа да тақырыптар жөнінде өткір пікір білдірген. Бұл әлеуметтік желі қолданушылары арасында қызу пікірталас туғызды.

Facebook-тегі жазбаларының бірінде ол Александр Пушкиннің ескерткішін сынаған адамдарға қатысты «қазанбас» деген сөз қолданған. Тағы бір жазбасында осы сөз қазақ тіліне қатысты пікірталас аясында айтылған.

Қоғамдық резонанс туындағаннан кейін ІІМ бұл жағдайға байланысты тексеру бастады.

– Аталған факт заңда белгіленген тәртіппен тіркелді. Қазіргі уақытта тексеру жүргізіліп жатыр, – деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі біздің сауалымызға берген жауабында.

Ведомство тексеруге нақты қай жазбалар негіз болғанын және олардан қандай да бір құқық бұзушылық белгілері байқала ма деген сұраққа жауап бермеді.

Бейбіт Әлібеков әкесіне қатысты дауға жауап берді

Блогер Бейбіт Әлібеков те бұған қатысты пікір білдіріп, әкесінің көзқарасымен келіспейтінін мәлімдеді.

Кәсіпкер әкесі екеуінің жеке тұлға екенін және әркім өз сөзі мен әрекетіне өзі жауап беруі керек екенін айтты.

– Мен әкемнің көзқарасы мен пікірін ешқашан қолдаған емеспін және бұл туралы бірнеше рет ашық айттым. Меніңше, бала әкесінің сөзі мен әрекеті үшін жауап бермеуі керек, – деп жазды Әлібеков.

Енді Бақыт Әлібековтің жазабаларына құқықтық бағаны құқық қорғау органдары береді.