×
$
457.99
534.15
5.47
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
$
457.99
534.15
5.47

Қазақстандық оқушы әлемдегі үздік бес жас бағдарламашының қатарына енді

Бүгін, 17:10
Қазақстандық оқушы әлемдегі үздік бес жас бағдарламашының қатарына енді
Оқу-ағарту министрлігі

Ташкент қаласында 92 елден 375 оқушы қатысқан Информатикадан халықаралық IOI 2026 олимпиадасы аяқталды. Қазақстан құрамасының төрт мүшесі де жүлде иеленді. Ұлттық құрама 1 алтын және 3 күміс медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

 

Толығырақ

Әлемдік командалық есепте 10-орынға ие болды. Бұл – Қазақстан құрамасының олимпиада тарихындағы үздік нәтижелерінің бірі.

Астанадағы «Spectrum» халықаралық мектебінің 12-сынып оқушысы Максим Цой алтын медаль жеңіп алып, жеке есепте 5-орын иеленді. Осылайша, ол әлемдегі үздік бес жас бағдарламашының қатарына енді.

Астана қаласындағы дарынды балаларға арналған «Білім-инновация» мамандандырылған лицей-интернатының 11-сынып оқушысы Алдияр Сейітбай, Қызылорда облысындағы дарынды балаларға арналған «Білім-инновация» мамандандырылған лицей-интернатының 11-сынып оқушысы Мансұр Мамадахунов, Семей қаласындағы физика-математика бағытындағы NIS-тің 12-сынып оқушысы Асқар Әкежан күміс медаль иегерлері атанды.

Қазақстан құрамасының жетекшілері – Astana IT University бас жаттықтырушысы Темірлан Сатылханов, International University of Information Technology синьор-лекторы Қуанышбай Айбар.

2025 жылы қазақстандық оқушылар 3 күміс және 1 қола медаль жеңіп алып, әлемдік командалық есепте 14-орын иеленген еді. Биыл ұлттық құрама өз нәтижесін төрт сатыға жақсартты.

Қазақстандық оқушылар Информатикадан халықаралық олимпиадаға қатысқан жылдар ішінде барлығы 79 медаль жеңіп алды.