×
$
457.99
534.15
5.47
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
$
457.99
534.15
5.47

"Украина Қазақстанмен қарым-қатынасты жоғары бағалайды": Зеленский Тоқаевқа үндеу жолдады

Бүгін, 18:12
"Украина Қазақстанмен қарым-қатынасты жоғары бағалайды": Зеленский Тоқаевқа үндеу жолдады
Ақорда

Украина президенті Владимир Зеленский Қасым-Жомарт Тоқаевқа Украинаның Тәуелсіздігінің 35 жылдығына орай жолдаған құттықтауы үшін алғыс айтты. Ол Қазақстан президентіне жауабын X әлеуметтік желісінде жариялады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Толығырақ

Зеленский Украина Қазақстанмен қарым-қатынасты жоғары бағалайтынын және екі ел арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамытуды көздейтінін мәлімдеді.

– Украина өзара құрметке, түсіністікке және халықтарымыз арасындағы бұрыннан қалыптасқан байланыстарға негізделген Қазақстанмен достық қарым-қатынасты жоғары бағалайды, – деп жазды Украина президенті.

Ол Киевтің Астанамен ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға ниетті екенін атап өтті.

Сөз соңында Зеленский Тоқаевқа табыс, ал Қазақстан халқына бейбітшілік, амандық және өркендеу тіледі.

Контекст

24 тамызда Украина Тәуелсіздігінің 35 жылдығын атап өтті. 1991 жылғы 24 тамызда Украина КСР Жоғарғы Радасы Тәуелсіздік туралы актіні қабылдауына орай белгіленген бұл мерекені ел әуе дабылының үнімен қарсы алды. Бұл – толық ауқымды соғыс басталғалы бері өтіп жатқан бесінші Тәуелсіздік күні.

Бір күн бұрын Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Зеленскийді Украинаның Тәуелсіздігінің 35 жылдығымен құттықтаған еді. Қазақстан президенті Украина халқына бейбітшілік, амандық және өркендеу тіледі.