×
$
458.87
535.09
5.42
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
$
458.87
535.09
5.42

Қазақстанда тыңшылық ісі бойынша өзбекстандық профессор ұсталды

Бүгін, 12:30
Қазақстанда тыңшылық ісі бойынша өзбекстандық профессор ұсталды
ашық дереккөз

Астанада өзбекстандық 46 жастағы профессор Икболжон Карабоев ұсталды. Ол елордадағы жоғары оқу орындарының бірінде халықаралық қатынастар бойынша пәндерден сабақ берген, деп хабарлайды Ulysmedia.kz BBC-ге сілтеме жасап.

Толығырақ

Карабоевтың туыстарының айтуынша, профессор 3 шілдеде ұсталған.

— Азаматтық киімдегі бірнеше адам профессордың үйіне келген. Олар Карабоевтың тыңшылық жасады деген күдікке ілінгенін айтып, кейін оны алып кеткен, — деді оның жақындары басылымға.

Оған қандай айып тағылып отыр?

BBC мәліметінше, Карабоевқа қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 176-бабы — «Тыңшылық» бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Бұл бапқа сәйкес, шет мемлекет немесе ұйымның мүддесі үшін мемлекеттік құпияларды беру, жинау, ұрлау немесе сақтау, сондай-ақ шетел азаматтарының Қазақстанның ұлттық қауіпсіздігіне қарсы бағытталған өзге де мәліметтерді жинауы сияқты әрекеттер қарастырылады.

Карабоев — Өзбекстан азаматы, Андижан қаласының тумасы. Ол Астанада жұбайы және кәмелетке толмаған үш баласымен бірге тұрған.

BBC хабарлауынша, журналистер бірнеше апта бойы профессордың ұсталуына қатысты мән-жайды анықтауға тырысқан. Бұған дейін Карабоевпен бірге жұмыс істеген кейбір зерттеушілер түсініктеме беруден бас тартқан немесе аты-жөндерін жарияламауды сұраған.

MNU университеті Ulysmedia.kz редакциясының сауалына берген жауабында Икболжон Карабоевтың қазіргі уақытта аталған оқу орнында жұмыс істемейтінін хабарлады.

Редакция құқық қорғау органдарына ресми сауал жолдады.