×
$
458.87
535.09
5.42
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
$
458.87
535.09
5.42

"Нанды тегін тарататын": Талғарда ер адамды асқан қатыгездікпен өлтіріп кетті

Бүгін, 13:10
"Нанды тегін тарататын": Талғарда ер адамды асқан қатыгездікпен өлтіріп кетті
ашық дереккөз

Алматы облысы Талғар ауданының Ақтас ауылында жанжалдан кейін ер адам қаза тапты. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Толығырақ

Кісі өлімі туралы жергілікті тұрғындар әлеуметтік желілерде хабарлаған. Олардың айтуынша, марқұм тандыр нан сататын нүктенің иесі болуы мүмкін.

Тұрғындардың бірі марқұмның ел арасында танымал болғанын және адамдарға жиі көмектескенін айтты. Сатып алушының ақшасы жетпей қалса, ол нанды тегін бере салатын болған. Ал жұма күндері, тұрғынның айтуынша, тегін нан таратқан.

Полиция не дейді?

Алматы облысының полиция департаменті адам өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. Жедел-іздестіру шаралары барысында күдіктінің кім екені анықталып, ол ұсталған.

Күдікті — 56 жастағы ер адам. Полиция мәліметінше, ол өз кінәсін мойындаған. Алдын ала мәлімет бойынша, ер адамдар сөзге келіспей қалған. Жанжал кезінде күдікті тергеу нұсқасына сәйкес, жәбірленушіні пышақпен екі рет ұрып, кейін оқиға орнынан қашып кеткен.

Тергеу жалғасып жатыр. Тергеушілер жанжалдың себептерін және оқиғаның басқа да мән-жайларын анықтап жатыр.

Талғарда болған атышулы кісі өлімдері

Бұл кейінгі уақытта ауданда болған алғашқы резонансты қылмыс емес. 2025 жылдың күзінде Қызыл-Қайрат ауылында автосервис қызметкері ер адамды атып өлтіріп, кейін оның кәмелетке толмаған жиенін ұрлап кеткен. Күдікті кейін арнайы операция барысында ұсталып, қызды анасына қайтарды.

Сондай-ақ ең көп талқыланған істердің бірі — Шерзат Полатты өлімі. Оның отбасының дүкені маңындағы жанжал жаппай төбелеске ұласып, жасөспірім пышақ жарақатынан қаза тапқан. 2025 жылдың жазында сот іс бойынша тоғыз айыпталушыға үкім шығарды.