×
$
458.87
535.09
5.42
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
$
458.87
535.09
5.42

Автобуста қызды қылқындырған алматылық ер адам 10 тәулікке қамалды

Бүгін, 14:46
Автобуста қызды қылқындырған алматылық ер адам 10 тәулікке қамалды
pexels

Алматыда №227 автобуста жолаушымен жанжалдасқан ер адам 10 тәулікке әкімшілік қамауға алынды. Қыздың айтуынша, ол ер адамнан сәл жылжуын өтінген кезде, әлгі кісі оның мойнынан ұстап, қылқындыра бастаған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Мән-жай

Жолаушының айтуынша, ол «Сейфуллин – Шолохов» аялдамасынан автобусқа мініп, салонның артқы жағына отырған. Оның жанында жасы үлкен ер адам отырған. Қыз орын алу үшін одан сәл жылжуын өтінген.

Осыдан кейін ер адам кенеттен оның мойнынан ұстап, қылқындыра бастаған. Қыз өзін босатуға тырысып, ер адамды итеріп, аяғымен тепкілеп қарсыласқан. Сол кезде басқа жолаушы жағдайға араласып, шабуыл жасаған ер адамды тоқтатуға тырысқан.

Ақырында қыз босап шығып, басқа орынға ауысқан.

Ер адам 10 тәулікке қамалды

Алматы полициясы оқиғаға қатысушылардың барлығы анықталғанын хабарлады. Ер адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сот шешімімен оған 10 тәулікке әкімшілік қамау жазасы тағайындалды.

Полиция қоғамдық орындарда жанжал кезінде күш қолдануға болмайтынын еске салды. Қажет болған жағдайда құқық қорғау органдарынан көмек сұрау керек.