×
$
458.87
535.09
5.42
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
$
458.87
535.09
5.42

Непалдағы алапат су тасқынынан кейін Қазақстан азаматы жоғалып кетті

Бүгін, 16:43
Непалдағы алапат су тасқынынан кейін Қазақстан азаматы жоғалып кетті
Reuters

Непалдағы су тасқынынан кейін Қазақстан азаматы хабар-ошарсыз кеткен. Әйел туристік топ құрамында болған. Табиғи апаттан соң топ Непал мен Қытай шекарасынан өтіп, Қытай аумағына кірген, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Қазақстан азаматы туралы не белгілі

Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің алдын ала мәліметінше, әйел туристік топпен бірге Непалдан Қытайға өткен. Осыдан кейін онымен байланыс үзілген. Қазір оның қай жерде екені белгісіз.

Қазақстандық дипломаттар іздеу жұмыстарына қосылып, жергілікті мемлекеттік органдармен бірлесіп жұмыс істеп жатыр.

Бұған дейін су тасқынынан кейін зардап шеккен немесе жоғалған қазақстандықтар жоқ екені хабарланған еді. Кейін Қазақстан азаматының хабар-ошарсыз кеткені туралы ақпарат тарады.

Су тасқынынан 150-ден астам адам қаза тапты

Табиғи апат Непалдың Қытаймен шекаралас Расува ауданында болған. Кейінгі мәлімет бойынша, кемінде 157 адам қаза тапқан, тағы 400-ге жуық адам хабар-ошарсыз кеткен. Із-түзсіз жоғалғандардың арасында шетел азаматтары да көп. Непал билігінің мәліметінше, су тасқынынан кейін 300-ден астам шетелдік азаматтың тағдыры белгісіз болып отыр.

Табиғи апат болған аймақта Үндістан, Германия, Испания, Нидерланд, АҚШ, Аустралия және Ұлыбританиядан келген туристер болған. Су тасқыны өзен бойындағы елді мекендерге айтарлықтай зиян келтіріп, көпірлер мен жолдарды қиратып, тұрғын үйлерді су басты. Инфрақұрылым нысандары да зақымданған. Қазір іздеу-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр. Оған Непал армиясы мен қауіпсіздік қызметтері жұмылдырылған.

Қазақстан СІМ хабар-ошарсыз кеткен азаматтың орналасқан жерін анықтау бойынша жұмысты жалғастырып жатыр.