×
$
458.87
535.09
5.42
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
$
458.87
535.09
5.42

Міндетті медициналық сақтандыру жүйесінде миллиардтаған заңбұзушылық анықталды

Бүгін, 18:25
Міндетті медициналық сақтандыру жүйесінде миллиардтаған заңбұзушылық анықталды
Pixabay.com

Қазақстанда 2026 жылдың бірінші жартыжылдығында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесінде 4 млрд теңгеден астам қаржыға қатысты заңбұзушылықтар анықталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Толығырақ

Үкіметтің баспасөз қызметінің мәліметінше, 2026 жылдың қаңтарында Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры Қаржы министрлігінің қарауына берілген.

Осыдан кейін қаржылық тәртіпті күшейтуге және бірыңғай цифрлық жүйеге негізделген басқарудың жаңа моделін қалыптастыруға басымдық берілді.

– Негізгі өзгерістердің бірі – кейінгі бақылаудан негізсіз төлемдердің алдын алуға көшу, яғни бұрын төлемдер ақша аударылғаннан кейін тексерілсе, қазір негізсіз төлемдер қаражат аударылмай тұрып анықталып, олардың алдын алуға мүмкіндік бар. Нәтижесінде 2026 жылдың бірінші жартыжылдығында антифрод жүйесі медициналық ұйымдарға аударылуы мүмкін 4 млрд теңгеден астам қаржыға қатысты ақауларды төлем жасалғанға дейін анықтады, – делінген хабарламада.

Еске салайық, бұған дейін Қаржылық мониторинг агенттігі Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорынан қаржы жымқыру фактілері бойынша 36 қылмыстық іс тергеліп жатқанын хабарлаған еді.

Бұл істер бойынша келтірілген залал көлемі 3,5 млрд теңгеден асқан. Заңсыз схемалар арқылы шамамен 140 мың адам медициналық клиникаларға тіркелген.