×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Астанада жүрегі бір тәулік ішінде 53 рет тоқтаған науқас аман қалды

13.02.2023, 18:42
Астанада жүрегі бір тәулік ішінде 53 рет тоқтаған науқас аман қалды
Фото: Ашық дереккөз

Астанадағы №2 қалалық көпсалалы аурухана дәрігерлері науқастың өмірі үшін 35 күн бойы күрескен. Бір тәулік ішінде оның жүрегі 53 рет тоқтап қалған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Науқас 6 қаңтарда №2 көпбейінді ауруханаға миокард инфарктісі бойынша өте ауыр жағдайда жеткізілген. Түскен сәттен кейін 10 минут ішінде оған ота (каронарография және стенттеу) жасалды.

Қан айналымы үнемі тоқтап тұрған. Дәрігерлер күні-түні науқастың жүрегін қалпына келтірумен айналысыпты. Жүрек қағысы бір күнде 53 рет тоқтаған. Жасанды жүрек пен өкпе қызметін атқаратын ЭКMO (экстракорпоральды мембраналық оттегімен қанықтыру) қосуға тура келген.

№2 көпбейінді аурухананың хабарлауынша, дәрігерлер 35 күн бойы пациенттің жанынан кетпеген, тұрақты бақылап отырған. Осы уақыт ішінде қан кеткен, содан кейін қабыну реакциясы, сепсис және жүйелік көп мүшелік жеткіліксіздік пайда болған.

"Науқасты о дүниеден бірнеше рет қайтарып, оны аяққа тұрғызып қана қоймай, дененің барлық қызметін сақтап қала алдық. Мұндай операцияларды тіпті бірнеше рет жасаған тәжірибелі реаниматологтар "медициналық ғажайып" деп атайды", - деді кардио БИТ бөлімінің меңгерушісі Расул Сағнаев.

Ал осы бөлімнің аға ординаттары Сәбит Айнамқұловтың сөзінше, науқас аман қалды, бұған қоса, миына зақым келмеген.

"Бұл үшін қабылдау бөлмесі дәрігерлерінің, интервенциялық кардиологтардың, кардиохирургтардың, кардио БИТ кезекші дәрігерлерінің (Руслан Қалиев, Қасқыр Наурыз, Лунара Қадырова, Ришат Айтқали), медбикелер мен санитарлардың үлкен командалық жұмысы жасалды. Біз үшін бұл - үлкен жеңіс", - деді ол.

Қазіргі уақытта науқас тұрақты және интервенциялық кардиология бөліміне ауыстырылды.