Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұсынысымен Айбек Дәдебай Құрылтай төрағасы болып сайланды. Оның кандидатурасын депутаттар бірауыздан қолдады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Толығырақ
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа Конституцияға сәйкес билік институттарын жасақтау үшін бірқатар рәсім өткізу қажет екенін айтты. Соның бірі – Құрылтайдың басшылық құрамын сайлап, құрылымын қалыптастыру.
Конституцияның 57-бабына сәйкес Құрылтай төрағасының кандидатурасын президент ұсынады.
– Мен жауапкершілігі зор бұл лауазымға Айбек Арқабайұлы Дәдебайдың кандидатурасын ұсынамын, – деді Тоқаев.
Президент Дәдебайдың мемлекеттік басқару жүйесінде көп жыл қызмет атқарғанын атап өтті.
– Тәжірибесі мол деп айтуға болады. Өзінің білімді, отаншыл, адал азамат екенін нақты істерімен дәлелдеді. Сондықтан оны осы лауазымға лайық деп санаймын, – деді мемлекет басшысы.
Тоқаев Құрылтай депутаттарын Айбек Дәдебайдың кандидатурасын қолдауға шақырды. Депутаттар ұсынысты бірауыздан қолдады.