×
$
464.77
541.36
5.41
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
$
464.77
541.36
5.41

Қазақстанның үш өңірінде ауа сапасы нашарлайды

29.08.2026, 09:02
Қазақстанның үш өңірінде ауа сапасы нашарлайды
Ulysmedia

«Қазгидромет» синоптиктері 29 тамызда Қазақстанның үш өңірінің тұрғындарына ауа сапасының нашарлауы мүмкін екенін ескертті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Толығырақ

«Қазгидромет» мәліметінше, Алматы және Ақтөбе қалаларында, сондай-ақ түнде Атырау қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі.

Мұндай кезде атмосферада зиянды заттардың шоғырлануы артып, ауа сапасы нашарлауы мүмкін.

Тұрғындарға келесі сақтық шараларын ұстану ұсынылады:

  • Далада, әсіресе, автожолдар мен өндірістік аймақтар маңында ұзақ уақыт жүрмеу;
  • Балалар мен жүкті әйелдерге далада ұзақ серуендеуден бас тарту;
  • Созылмалы тыныс алу жолдары, жүрек-қан тамырлары және аллергиялық аурулары бар адамдарға қажетті дәрі-дәрмектерді өзімен бірге алып жүру;
  • Далада физикалық белсенділікті шектеу, спортпен ғимараттарда айналысу.

Ауа райы болжамы

29 тамызда Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр, найзағай, қатты жел және кей жерлерде бұршақ жаууы мүмкін. Ақмола, Қостанай және Қарағанды облыстарында жауын-шашын мол түседі.

Елдің солтүстігі мен орталығында күн айтарлықтай суытады. Түнде ауа температурасы 0-+5 °C-қа дейін төмендеп, кей жерлерде -3 °C-қа дейін үсік жүруі мүмкін. Күндіз ауа температурасы +10+15 °C шамасында болады.

Ал батыс өңірлерде жылы ауа райы сақталып, ауа температурасы +30 °C-қа дейін көтерілсе, оңтүстікте +35 °C-қа дейін жетеді.