×
$
464.77
541.36
5.41
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
$
464.77
541.36
5.41

Непалдағы апаттан кейін Қазақстанның үшінші азаматы іздестіріліп жатыр

Бүгін, 09:27
Непалдағы апаттан кейін Қазақстанның үшінші азаматы іздестіріліп жатыр
Subaas Shrestha/NurPhoto/picture alliancе

Непал мен Қытай шекарасындағы табиғи апат аймағында болуы мүмкін Қазақстанның үшінші азаматшасы туралы ақпарат келіп түсті. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Толығырақ

СІМ өкілінің айтуынша, қазақстандық дипломаттар екі елдің мемлекеттік органдарымен байланыста жұмыс істеп жатыр. Қазақстан азаматтарын іздестіру жұмыстары жалғасуда.

Бұған дейін

Бұған дейін Непал мен Қытай шекарасындағы жойқын су тасқынынан кейін Қазақстанның екі азаматы хабар-ошарсыз кеткені хабарланған болатын.

Қазақстан СІМ мәліметінше, жоғалған екі әйел де табиғи апат болған аумақта болуы мүмкін. Олардың бірі апаттан кейін Непалдан Қытайға өткен туристік топтың құрамында болған. Қазіргі уақытта оның жүрген жерін анықтау мүмкін болмай отыр.

Дипломаттар жергілікті мемлекеттік органдармен бірлесіп іздестіру жұмыстарын жүргізіп, жоғалған азаматтардың туыстарымен тұрақты байланыста.