×
$
464.77
541.36
5.41
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
$
464.77
541.36
5.41

Алматыда электросамокаттан құлаған 44 жастағы ер адам қаза тапты

Бүгін, 12:12
Алматыда электросамокаттан құлаған 44 жастағы ер адам қаза тапты
shutterstock

Алматыда электрсамокаттан құлаған 44 жастағы ер адам көз жұмды. Алдын ала мәлімет бойынша, ол самокатты басқара алмай, бордюрге соғылып, ауыр жарақат алған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Оқиға қалай болды?

Жол-көлік оқиғасы түнде Варламов көшесінде, Төле би көшесіне жақын жерде болған. Полицияның мәліметінше, ер адам электросамокатпен келе жатып, бордюрге соғылып, құлап қалған.

Оқиға орнына жедел жәрдем қызметкерлері келген. Олар зардап шеккен адамды аман алып қалу үшін реанимациялық шаралар жүргізгенімен, ер адамды құтқару мүмкін болмаған.

Алдын ала ақпарат бойынша, ол самокатпен қозғалған кезде шлем және басқа да қорғаныс құралдарын пайдаланбаған.

Қазір полиция оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр.

Бұған дейін

Еске салайық, бұған дейін Алматыда алғаш рет электрсамокаттарды орналастырудың бірыңғай ережесі енгізілетінін хабарлаған едік.