×
$
464.77
541.36
5.41
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
$
464.77
541.36
5.41

Израиль премьер-министрінің ұлының өміріне қауіп төнді

Бүгін, 13:06
Израиль премьер-министрінің ұлының өміріне қауіп төнді
Aleksey Nikolskyi

Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяхудың ұлы Яирдің өміріне қауіп төнген. Осыған байланысты ол АҚШ-тың Флорида штатынан Израильге шұғыл эвакуацияланды. Бұл ақпаратты Израильдің Шин Бет қауіпсіздік қызметі растады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Толығырақ

Шин Бет мәліметінше, жағдай бағаланғаннан кейін Яир Нетаньяхуды қауіпсіздік қызметкерлерімен бірге Флоридадан дереу алып кету туралы шешім қабылданған.

Бұған дейін Newsmax АҚШ құқық қорғау органдарындағы дереккөзге сілтеме жасап, Израиль барлауы премьер-министрдің ұлына қастандық жасауға бағытталған Иран жоспарын анықтағанын хабарлаған.

Басылымның мәліметінше, Иран агенттері Майами маңында болып, Яирдің тұрған жері мен қозғалысын бақылаған.

Осыдан кейін Яир Нетаньяхуға тұрған жерінен дереу кету тапсырылған. Ол жеке заттарын алмай, кейін Израильге оралған, деп жазды The Jerusalem Post.

Бұған дейін Биньямин Нетаньяху Иран ұлдарының біріне қастандық жасауға әрекеттенгенін мәлімдеген. Алайда премьер қай ұлының нысана болғанын нақтыламаған.