×
498.34
519.72
4.85
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
498.34
519.72
4.85

Түркия мен Сириядағы зілзала: құрбандар саны 37 мыңнан асты

14.02.2023, 08:13
Түркия мен Сириядағы зілзала: құрбандар саны 37 мыңнан асты
фото: ашық дереккөзден

Түркия мен Сирияда жер сілкінісінен опат болғандар саны 37 мыңнан асып жығылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz Euronews-ке сілтеме жасап.

Зілзададан бері 8 тәулік өтті. Бастапқы күндері үйінді астынан аман табылушылар көп болса, қазір ілуде біреу. Қираған үй, құлаған ғимараттардың көптігінен құтқарушылар үйінділерді аршып үлгере алмай жатыр.

Гуманитарлық ұйымдардың бағалауы бойынша миллиондаған адам шұғыл көмекке мұқтаж. Бұл мәселе БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің отырысы мен Еуропарламенттің арнайы сессиясының тақырыбына айналды.

«Еуропа Түркия мен Сирия халықтарын қолдайтынын атап өткім келеді. Біздің азаматтық қорғау тетігіміз іске қосылды, көмек жеткізілуде және одан әрі де жалғасады», - деді Еуропарламент спикері  Роберта Метвола.

Ресми мәлімет бойынша, тек Түркияда жүз мыңнан астам ғимарат ішінара немесе толығымен қираған. Мыңдаған адам әлі де үйінді астында қалуы мүмкін.

Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, елдің Газиантеп провинциясындағы Нұрдағы қаласы толықтай сүрілетін болды. Жергілікті билік орың орнына жаңа қала салмақ.

Сарапшылардың болжамынша, Түркия экономикасына зілзала салдарынан келген шығын көлемі 84 млрд доллардан асып жығылады.