«Air Astana» АҚ 2025 жылдың қорытындысы бойынша компанияның атқарушы орган мүшелеріне төленген сыйақы көлемін жария етті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz nationalbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.
Толығырақ
Қазақстандағы ең ірі әуе компаниясының топ-менеджерлеріне жалпы сомасы 691,4 млн теңгеден астам сыйақы төленген.
AIX-те жарияланған ақпаратқа қарағанда, Air Astana компаниясының атқарушы органының құрамында жеті адам бар. Оны компанияның бас директоры (CEO) Ибрахим Жанлыел басқарады. Ол сонымен қатар компанияның директорлар кеңесінің құрамына кіреді.
Алайда әуе компаниясы басшылардың әрқайсысына нақты қанша сыйақы төленгенін бөлек жарияламаған.
Егер жалпы сыйақы көлемін атқарушы органның жеті мүшесіне бөлсек, бір топ-менеджерге жылына орта есеппен шамамен 98,8 млн теңгеден, яғни айына шамамен 8,2 млн теңгеден тиесілі.
Салыстыру үшін, FlyArystan компаниясының бұрынғы президенті Ричард Леджер 2025 жылы атқарған жұмысы үшін 258 млн теңге алған.
Еске салайық, бұған дейін Air Astana әуе компаниясының 2026 жылдың екінші тоқсанында шығынға ұшырағаны хабарланған еді. Компанияның есебіне қарағанда, жолаушы тасымалы көлемі іс жүзінде өзгермегенімен, екінші тоқсанда әуе тасымалдаушының түсімі мен өзге де кірістері 18,3 пайызға өсіп, 433 млн доллар болған.