Narxoz Business School бизнес-білім беру саласындағы екі жетекші халықаралық ұйым – Association of MBAs (AMBA) және Business Graduates Association (BGA) бірлескен аккредиттеуінен ресми түрде өтті. Аккредиттеу түрлі елдердің бизнес-мектептері басшыларынан құралған комиссия жүргізген кешенді бағалау қорытындысы бойынша берілді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
– Narxoz Business School бизнес-білім беру саласындағы екі жетекші халықаралық ұйым – Association of MBAs (AMBA) және Business Graduates Association (BGA) бірлескен аккредиттеуінен ресми түрде өтті. Аккредиттеу түрлі елдердің бизнес-мектептері басшыларынан құралған комиссия жүргізген кешенді бағалау қорытындысы бойынша берілді. Narxoz Business School-дың AMBA және BGA бірлескен аккредиттеуінен өткеніне қуаныштымын. Бұл мойындау мектептің жоғары стандарттар, инновациялар мен бизнес-білім беруді үздіксіз дамытуға бейілділігін көрсетеді. Комиссияға Нархоз университетінің берік академиялық мұрасы, Қазақстанның жан-жақты дамуына қосқан үлесі, сондай-ақ тыңдаушылар, түлектер және іскерлік қауымдастық үшін әлемдік деңгейдегі білім беру ортасын қалыптастыруды жалғастырып келе жатқан басшылықтың мақсаткерлігі ерекше әсер етті, – деп атап өтті AMBA және BGA бас директоры Эндрю Мэйн Уилсон.
Комиссия сондай-ақ NBS Халықаралық консультативтік кеңесінің қосқан үлесі мен бизнес-мектептің жаңартылған кампусы инфрақұрылымының сапасын ерекше атап өтті.
AMBA білім беру бағдарламаларының сапасы, соның ішінде олардың мазмұны, оқыту деңгейі, оқу нәтижелері, мансаптық қолдау және жұмыс берушілермен өзара іс-қимылды бағалайды. Ал BGA бизнес-мектептің стратегиясы, басқару жүйесі, академиялық мәдениетін, сондай-ақ ел экономикасы мен қоғамға ықпалын қамтитын кешенді институционалдық бағалау жүргізеді.
Narxoz Business School кампусындағы жұмыс сессиялары кезінде AMBA және BGA халықаралық комиссиясының өкілдері.
Narxoz Business School 17 жыл ішінде MBA, Executive MBA, DBA және корпоративтік оқыту бағдарламалары бойынша 3 мыңнан астам кәсіпкер, топ-менеджер мен салалық мамандарды даярлады. NBS айналасында қалыптасқан түлектер мен іскер серіктестер қауымдастығы оқу бағдарламаларын жаңартуға қатысып, салалық тәжірибесімен бөліседі және мектепке бизнестің өзекті қажеттіліктерін ескеруге атсалысады.
Аккредиттеудің арқасында Narxoz Business School әлемдік бизнес-білім беру қауымдастығының үздік 2%-ына кіретін бизнес-мектептер бағдарламаларын біріктіретін AMBA халықаралық желісіне енді. Оның құрамына, атап айтқанда, INSEAD, IMD, ESMT Berlin, London Business School және HEC Paris іспеттес мықты мектептер кіреді.
Қазақстан үшін бұл жетістік бір бизнес-мектептің аясынан шығып, ұлттық жоғары білім беру жүйесіндегі сапалы өзгерістерді көрсетеді.
— Аккредиттеулер Қазақстанның жоғары әлемдік стандарттарға сай келетін әрі өңіріміздің экономикалық және мәдени ерекшеліктерін ескеретін бизнес-білім ұсына алатынын растайды. Narxoz Business School жетістігі отандық жоғары білімге деген сенімді тағы бір мәрте нығайтып, Қазақстанның бүкіл Орталық Азия үшін басқарушы кадрларды даярлайтын орталық ретіндегі ұстанымын күшейтеді, — деп атап өтті Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек.
Аккредиттелген бағдарламалардың студенттері мен түлектері 150-ден астам елден 80 мыңға жуық тыңдаушы мен түлекті біріктіретін AMBA жаһандық қауымдастығына тегін қосыла алады. Өмір бойғы мүшелік кәсіби іс-шаралар, мансаптық қызметтер, зерттеулер мен халықаралық кәсіби байланыстар орнатуға мүмкіндік береді.

Нархоз университетінің президенті Қанат Қожахмет пен Narxoz Business School деканы Гүлнар Күренкеева бизнес-мектеп тыңдаушыларына диплом табыстау рәсімінде.
— Тыңдаушылар үшін қос аккредиттеудің құндылығы бағдарламаның сапасы тұрақты түрде бақылауда болатынында. Біз нарықтағы өзгерістер, жұмыс берушілердің кері байланысы мен түлектердің мансаптық нәтижелерін ескере отырып, оқу жоспары, бағалау әдістері, оқу материалдары мен технологияларды жүйелі түрде жаңартып отырамыз. AMBA және BGA талаптарына сәйкес бағдарлама құрылымы әр бес жыл сайын ресми түрде жаңартылуға тиіс. Мұндай тәсіл оқу мазмұнының өзектілігін сақтап, оны бизнес пен түрлі салалардың нақты міндеттерімен ұштастыруға мүмкіндік береді, — деп атап өтті Narxoz Business School деканы Гүлнар Күренкеева.
Нархоз университеті үшін жаңа аккредиттеулер көпжылдық трансформация нәтижелерінің тәуелсіз растауына айналды. Жоспарлы экономикаға қажетті кадрларды даярлау мақсатында 1963 жылы құрылған Нархоз нарықтық және цифрлық экономика талаптарына сай келетін заманауи университетке дейінгі даму жолынан өтті. Бұл өзгерістердің негізінде білім беру бағдарламаларын жүйелі түрде жаңарту, академиялық ортаны дамыту, инфрақұрылымды жаңғырту және халықаралық ынтымақтастықты кеңейту жұмыстары жатыр.
— Осы жетістік арқылы университет Ғылым және жоғары білім министрлігінің Қазақстанды әлемдік академиялық картада орнықтыру және отандық жоғары оқу орындарының халықаралық мәртебесін нығайту бойынша стратегиялық басымдығына өз үлесін қосып отыр. Бұл айтулы оқиға Нархоздың терең өзгерістерді жүзеге асырып, жоғары халықаралық стандарттарға сай нәтижелерге қол жеткізудегі бірегей қабілетін де растайды. Бұл жетістік акционеріміз Болат Өтемұратовтың ұзақмерзімді пайымы мен қолдауы, Нархоз ұжымының кәсібилігі, сондай-ақ оқытушыларымыз, түлектеріміз бен серіктестеріміздің қосқан үлесінің арқасында мүмкін болды. Осы жолды бізбен бірге жүріп өткен әрбір жанға алғыс айтамын, — деп атап өтті Нархоз Университетінің президенті Қанат Қожахмет.
NBS профессоры Ақмарал Алталиеваның трансформациялық көшбасшылық жөніндегі дәрісі кезіндегі пікірталас.
Алынған аккредиттеулер Нархоз университетінің дамуындағы жаңа кезеңге жол ашады. Олар университеттің жоғары академиялық стандарттарды ұстану жөніндегі ұзақмерзімді міндеттемесін бекітіп, білім сапасын түлектердің кәсіби жетістіктерімен және экономика мен қоғамның дамуына қосқан нақты үлесімен дәлелдеуге деген ұмтылысын растайды.