×
468.98
493.74
7.59
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
468.98
493.74
7.59

Қазақстанда Наурыз есімді қанша адам бар?

18.03.2022, 15:40
Көрнекі сурет: ашық дереккөзден

Ұлттық статистика бюросы көктем мен жаңару мерекесі қарсаңында Қазақстанда Наурыз есімді қанша адам тұратындығы туралы инфографика дайындады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Қазақстанда Наурыз есімді 1 453 адам болса, оның 1 417-і ер адам, 36-ы әйел адам.

Наурыз есімді адамдардың көбі Маңғыстау облысында – 278 адам, Түркістан облысында – 190 адам және Қызылорда облысында – 160 адам тұрады.

01.01.2021 – 01.01.2022 жылдар аралығында Наурыз есімді 17 сәби дүниеге келген.